Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында жеке меншіктегі 1200 бас ірі қарадан 348 басты малдың аусылға шалдыққаны анықталды. Оның 18-і өртеліп, арнаулы мал қорымына көмілді. «Диагнозды «Республикалық мал дәрігерлік зертхана» РҚКК қан сынамсын зерттеу арқылы зертханалық тексеуде анықтады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Атырау облысының Қызылқоға ауданында үй жануарларының аусылмен ауруына байланысты 21 күндік карантин жарияланды.
Алғаш індетті жұқтырған мал 20-сәуірде анықталған болатын.
Жексенбі, 13-мамыр күні, мал дәрігерлер ауру сиырлар мен қойларды жоя бастады. Сонымен қатар, 40 мың малдың 22 мыңына вакцина егілді. Ауру ошағы Сағыз ауылында. Аталмыш елдімекен мен маңайдағы ауылдар оқшауландырылған, бұл аудандардан ет тасымалдауға тыйым салынған. Үш карантин пункті жұмыс істеуде, қалған малдарға вакцинация егумен айналысатын бригада құрылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті