Атырау облысында бірнеше полицей тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында бірнеше полицей тұтқындалды

Атырау облысында бірнеше полицей тұтқындалды

Атырау облысында браконьерлерге болысқан тағы бірнеше тәртіп сақшысы тұтқынға алынды.  Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің үш қызметкеріне пара алып, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Барлығы осыдан аз уақыт бұрын 6 келі қара уылдырық пен 250 000 теңге пара алып ұсталған Алтынбек Ғұбайдулиннің әріптестері.  

  • 9 Шiлде 2014
  • 234
Фото - Caravan.kz


Полицейлер сот шешімімен 2 айға қамауға алынған. Олар енді жұмбақ жағдайда қаза тапқан басшыларыныңорнына жауап бермек. Ғұбайдуллинге кезінде Каспийде бекіре аулағандарға ақылы қолдау көрсетті деген айып тағылған болатын. Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің басшысын сәуір айында қаржы полицейлері парамен қолға түсірген. Тергеу кезінде денсаулығы аяқасты нашарлаған майор ауруханаға жеткізілгенімен, әжетхананың терезесі арқылы қашып кеткен-ді. Үш күннен соң денесі қаладағы құрылыс алаңдарының бірінен табылды. Осы іске орай, прокуратура «суицидке итермелеу» және «заңсыз тұтқындау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын айта кетейік.