Атырау облысында биыл жоғарғы оқу орнын бітірген жас ұстаздар алыс ауылдарға жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында биыл жоғарғы оқу орнын бітірген жас ұстаздар алыс ауылдарға жолдама алды

Атырау облысында биыл жоғарғы оқу орнын бітірген жас ұстаздар алыс ауылдарға жолдама алды

Атырау. 15-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында биыл жоғарғы оқу орнын бітірген жас ұстаздар алыс ауылдарға жолдама алды. Атыраудағы Халел Досмұхаммедов атындағы мемлекеттік университеттің биылғы жолдама қорытынгдысы осындай, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық білім департаментіне сілтеме жасап.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 808
Фото - Caravan.kz

Атыраудағы Досмұхаммедов атындағы мемлекеттік университеттің 357 түлегі ауылдарға жолдама алды. Облыстық білім департаментінің директоры Қилымғали Қайненовтың айтуынша, өңірге 423 оқытушы қажет.

«Бүгінгі мектеп оқушыларының білім деңгейі сын көтермейді, ал оған әсер етіп отырған бір фактор — облыста мұғалімдердің тапшылығы», — деп мәлімдеді Қ. Қайненов.

Атырау қаласында 126 мұғалім жетіспесе, Жылыой ауданында педагогика мамандарына деген сұраныс 132 адамға тең, Мақатта 36 оқытушы жетпейді. Басқа аудандарда да жағдай осындай. Әсіресе, информатика, математика, биология, физика, химия, шет тілдері бойынша мектептерде мұғалім тапшы.

14 сәуірде облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің тапсырмасымен облыстық білім департаменті, Атыраудағы Халел Досмұхаммедов атындағы мемлекеттік университеті, қалалар мен аудан әкімдері үш жақты меморандумға қол қойды.

«Бұл құжат оқу орындарын педагог мамандармен қамтамасыз ету, оқытушыларды дайындау сапасын жақсарту үшін қабылданды. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету, жас мамандарды жергілікті жерлерде тұрақтандыру, оларға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жасап беру, баспанамен қамтамасыз ету, коммуналдық жеңілдіктер тағайындау және ауылдық жерлерде мал беру және балаларды кезектен тыс балабақшаларға орналастыру мақсатын көздейді», -деп хабарлайды облыстық білім департаменті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті