Ғалымжан Қалымов, бөдене фермасының технологы:
— Цехымыз жұмыртқа шыққасын жартысын саудаға шығарады. Ал жартысын инкубаторға салып, жұмыртқадан балапан аламыз. Ең ұзақ дегенде 17-18 күнде жұмыртқа береді. Қазір жергілікті фермада бөдененің үш түрі бағылуда. Уақыт өте келе жергілікті ауа райына төзімді әрі ең өнімді тұқым түры негізге өндіріс үшін таңдалынып алынады. Болашақта балапандар да ферманың жеке инкубаторында өсірілетін болады.
Қасымхан Жауымбаев, бөдене фермасының директоры:
— Жұмыртқаның негізінен асқазанға, қан қысымына, одан кейін баланың дамуына пайдалы. Еті де өте пайдалы диеталық, сорпасын ішсеңіз, адамның иммунитетін көтереді. Бүгінгі таңда жабайы табиғаттың өзінде тұқымы сиреп кеткен құстың еті мен жұмыртқасы өте құнарлы азық-түлік қатарында тұр. Аз ғана уақыт аралығында шаруашылығын жолға қойып үлгерген ферма жұмыртқа ғана емес, бөдене етін де жергілікті дүкен сөрелеріне шығарамыз деп отыр. Оның үстіне азықтық құрамы аса құнарлы тағам алдымен мектепге дейінгі мекемелер мен орта білім ордаларының асханасына ұсынылмақ.