Атырау облысында донорлардың қайталама сараптамаға келмеуі салдарынан бір тоннаға жуық қанды пайдалану мүмкін болмай отыр - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында донорлардың қайталама сараптамаға келмеуі салдарынан бір тоннаға жуық қанды пайдалану мүмкін болмай отыр

Атырау облысында донорлардың қайталама сараптамаға келмеуі салдарынан бір тоннаға жуық қанды пайдалану мүмкін болмай отыр

Донорлардың қанның қайталама сараптамаға келмеуі салдарынан Атырау облыстық қан орталығында бір тонна қан рұқсат етілген мерзімнен көп уақыт карантинде тұр.

  • 2 Маусым 2011
  • 629
Фото - Caravan.kz

«Біздің қызметкерлеріміз демалыс күндері де донорларға қоңырау соғып, қайталама тексеруге келуді сұрайды. Бірақ осы күнге дейін ешкім келген жоқ. Қазір менің алдымда сондай донорлардың тізімі жатыр. Біз қанды бір жыл бойы сақтаймыз. Нұсқаулық бойынша екі жылға дейін сақтауға рұқсат, бірақ бізде орын жеткіліксіз»,- дейді Атырау қан орталығының директоры Ғазиз Сопығалиев.

Дәрігерлер донорлардың қайталама сараптама тапсыруға келгенін күтіп жүр, осыдан кейін ғана қанды пайдалануға болады.

Оның мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын аудандық, қалалық, облыстық стационарлардың пациенттеріне 3 800 литр қан қажет.

Сондай-ақ, оның атап көрсетуінше, Атырауда тұрақты донорлар бар – 115 адам тоқсан сайын 600 мл плазма тапсырып, Т6 800 алады. «Олар жүйелі түрде медициналық тексеруден өтеді, қан тапсырғанға дейін 48 сағат бұрын олар АЛТ, холестерин және қандағы қанттың мөлшерін анықтауға сынама тапсырады», — деді Г. Сопығалиев.

Соңғы жаңалықтар