Атырау облысында екі күнге созылған өрттен 26 бас мал қырылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында екі күнге созылған өрттен 26 бас мал қырылып қалды

Атырау облысында екі күнге созылған өрттен 26 бас мал қырылып қалды

Атырау облысында 15 мың гектар алқапты шарпыған өрт сөндірілді.

  • 11 Шiлде 2014
  • 360
Фото - Caravan.kz


«Дала өрті Қызылқоға ауданы Жангелді ауылында орын алған. Жалынның күшеюіне себеп болған күшті желдің әрі ыстық ауа температураның әсерінен өртті сөндіру қиынға түсіп, ол тек екі күннен кейін ауыздықталды. Тілсіз жаумен күресуге басқа техникалармен қатар «МИ-8» тікұшағы да жұмылдырылды. Қызыл жалын шарпыған аумақтың жалпы көлемі — 15 мың гектар. Адамдар зардап шеккен жоқ. Өрт ішінде қалған 26 бас қой қырылып қалды. Қазіргі таңда өрт толығымен өшірілді», — деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінен.