Атырау облысында хиджабты шешпейміз деген 52 қыз сабаққа келмей жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында хиджабты шешпейміз деген 52 қыз сабаққа келмей жүр

Атырау облысында хиджабты шешпейміз деген 52 қыз сабаққа келмей жүр

Олардың арасында колледж студенттері де бар.

  • 18 Қаңтар 2018
  • 162
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы өңіраралық коммуникация қызметінің брифингінде білім басқармасының бөлім бастығы Байжан Шамұратов айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, 1 қыркүйекте облыстағы білім беру мекемелеріне 328 қыз орамал тағып келді. Олардың ішінде студенттер де бар. Түсіндіру жұмыстарынан кейін 276 қыз хиджабын мектеп формасына ауыстырды. Ал хиджабты шешуден бас тартқан 52 қыз әлі күнге дейін сабаққа келмей жүр.

«Мектептерде мұндай жағдай барлық сыныпта кездеседі. Яғни әртүрлі жастағы оқушы бар. Қолдағы деректерге сүйенсек, білім беру мекемелерінің директорлары 52 қыздың ата-аналарына хат жолдады. Олардың 32-сі Атырау қаласында, 19-ы Жылыой ауданында және біреуі Қызылқоға ауданында тұрады. Сонымен қатар, оларға қатысты материалдар жиналды және әкімшілік шаралар қолдану үшін облыстық білім департаментіне жіберілді. Облыстық дін істері жөніндегі департамент ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 409-бабына сәйкес тиісті шараларды қолданады», — деді Байжан Шамұратов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған аймақта 56 901 қыз білім алып жатыр.


Соңғы жаңалықтар