Атырау облысында мемлекеттік қызметкерлердің 58%-ін әйелдер құрайды
Атырау облысында мемлекеттік қызметкерлердің 58%-ін әйелдер құрайды. Мұндай мәліметтер ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттігінің Атырау облыстық басқармасының "Мемлекеттік қызмет туралы " заңды жүзеге асыру жұмыстарының 2003-жылдың бірінші жартысындағы қорытындысына арналған баяндамасында келтірілген. |
Агенттік мәліметіне сәйкес, қазіргі жағдаймен облыста 2587 шенеунік жұмыс істейді, олардың 78 проценті жоғары білім игерген. Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 38. Ал Атырау облысы әкімшілігіндегі мемлекеттік қызметкерлердің ұлттық құрамына келсек, қазақтар -2471, орыстар -78, басқа ұлт өкілдері 38 адамды құрайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін