Жарияланды: 610

Атырау облысында тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қысқы маусымға дайындау мақсатына 980 млн. теңге бөлінді

Атырау облыстық бюджетінен тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қысқы маусымға дайындау мақсатына 980 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы энергетикалық және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күз және қыс маусымдарына дайындау жөніндегі облыстық штабтан KZ-today тілшісіне хабарлады.

Сонымен бірге "Игілік" бағдарламасына сәйкес Теңізшевройл компаниясы да бұл мақсатқа арнап 152,5 млн. теңге бөлді. Қазір Атырау облысы бойынша 305 бу қазандығы мен 41 жылу бөлімшесі жұмыс істейді. Қазіргі жағдаймен 285 бу қазандығы мен 32 жылу бөлімшесі қыс маусымындағы жұмысқа әзір болды. Жылыту маусымы басталғанға дейін 2,8 шақырымдық су құбыры желісі мен 55 трансформаторды күрделі жөндеуден өткізу межеленіп отыр. Атырау облысы тұрғындарының коммуналдық қызмет үшін берешегі 298,25 млн. теңгені құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть