Атырау облысында тұз шахтасына құлап кеткен ер адамның денесі жер бетіне шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында тұз шахтасына құлап кеткен ер адамның денесі жер бетіне шығарылды

Атырау облысында тұз шахтасына құлап кеткен ер адамның денесі жер бетіне шығарылды

Атырау облысында құтқарушылар тұз шахтасына құлап кеткен ер адамның денесін жер бетіне шығарды.

  • 19 Желтоқсан 2012
  • 260
Фото - Caravan.kz

Барлық операциялар ер адам 350 метрлік тереңдіктегі қараусыз қалған шахтаға құлап кеткеннен кейін он күн өткен соң аяқталды.

Атырау облысы бойынша ТЖД-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оның мәйіті 250 метр тереңдікте табылды. Іздестіру іс-шараларына аталған тереңдікте тәжірибелері және арнайы құрылғылары бар Қарағанды, Алматы және Астана қалаларының таудағы құтқарушылары қатысты.

Облыста ашық жатқан шахтаның бұдан арғы тағдыры шешілуде. Айта кетейік, тұз шахтасының барлық металды конструкцияларын жергілікті тұрғындар бұзып алып кеткен. Ер адаммен төтенше оқиға ол бүтін қалған нысанның кірпіш қабырғасын бұзбаққа әрекеттенген кезде орын алды.