Атырау облысында заң бұзған аңшылар жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында заң бұзған аңшылар жауапқа тартылды

Атырау облысында заң бұзған аңшылар жауапқа тартылды

Қыркүйек айының басынан еліміз бойынша күзгі-қысқы аңшылық маусымы басталды.

  • 9 Қазан 2017
  • 175
Фото - Caravan.kz

Естеріңізде болса, көктемгі аңшылық маусымға рұқсат берілмеген еді. Алайда мамандар табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау және кейбір аң-құстардың шектен тыс көбейіп кетуі өсімдік түрлері мен жәндіктердің өсіп-өнуіне кері әсер етеді деген ұйғарым жасады, деп хабарлады 24.кз.  

Осыған байланысты қазір аңшылар рұқсат етілген аң-құсты аулауға мүмкіндік алды. Дегенмен заңды белден басатындар да жоқ емес. Атырау облысы бойынша бүгінгі күнге дейін заң бұзған 19 тұлғаға 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекет қазынасына аударылды. Облыста ресми тіркелген 2 мыңнан астам аңшы бар. Атырау облысы филиалы бойынша арнайы бекітілген аңшылық алқаптар көлемі 2,5 млн гектарға жуықтайды.

– Рейдтік шараларды үнемі жүргізіп жатырмыз. Әрине аңшылардан ең талап ететініміз – әр аңшы өзі аңшылық жасайтын бөлімін бірінші таза ұстауға міндетті. Сосын заң шеңберінде өз аңшылығын құруы керек, деді  Орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Азамат Әбиғалиев. 


Соңғы жаңалықтар