Атырау облысында жылқыларды балтамен аяусыз ұрып өлтірген қасапшы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында жылқыларды балтамен аяусыз ұрып өлтірген қасапшы ұсталды

Атырау облысында жылқыларды балтамен аяусыз ұрып өлтірген қасапшы ұсталды

Ал адам сенгісіз жағдай болған цех қазіргі таңда жабылған екен. Жергілікті билік Атырауда жұмыс істейтін басқа да қасапханаларды тексеруді жоспарлар отыр.

  • 14 Қараша 2019
  • 67
Фото - Caravan.kz

Кеше біз Атырау облысында жылқыларды басынан балтамен ұрып, аяусыз сұлатып жатқан қасапшының видеосын жариялаған болатынбыз. Жергілікті полицейлер жұрттың жағасын ұстатқан сол «кейіпкерді» қамауға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

КТК арнасының хабарлауынша, осы фактіге сәйкес «Жануарларға аяусыздықпен қарау» бабы бойынша іс қозғалған. Ал адам сенгісіз жағдай болған цех қазіргі таңда жабылған екен. Жергілікті билік Атырауда жұмыс істейтін басқа да қасапханаларды тексеруді жоспарлар отыр.

«Ереже бойынша ірі қараның аяғын байлап, жерге жатқызып барып сою қажет. Сонымен бірге, оның денесіне тоқ жүргізіп өлтіруге болады. Видеода жануарларға аяусыздықпен қарау фактісі байқалады. Қасапханада аттестациялаудан өткен мамандар ғана жұмыс жасауы шарт. Бірақ, бұл жердегі қызметкерлер сырттан алынған жай адамдар көрінеді. Цех уақытша тексеріс кезінде жабылатын болады. Ал барлық жағдай жіті қадағалаудан өткен соң тиісті шаралар атқарылады», — деді Атырау облысы ветеринарлық станциясының басшысы Азамат Айтқали.

Алайда, мал басын құбылаға қаратып, «піссімілләсін» айтып бауыздайтын исі мұсылман қауымы бас ветеринардың бұл реттегі «денесіне тоқ жүргізіп өлтіруге болады» деген «пәтуасына» да келіспесі анық.


Соңғы жаңалықтар