Атырау облысындағы атыс: Дәрігер жараланғандардың хәл-ахуалы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысындағы атыс: Дәрігер жараланғандардың хәл-ахуалы туралы айтты

Атырау облысындағы атыс: Дәрігер жараланғандардың хәл-ахуалы туралы айтты

30 қазан күні кешке Атырау-Ақтөбе тас жолының бойында, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының маңында топтық төбелес болып, оқ атылды.

  • 31 Қазан 2021
  • 40
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алты адам оқтан жараланған.

Бір зардап шегуші қайтыс болды, біреуі жеңіл қол жарақатымен үйіне шығарылды, тағы бір адам қол жарақатымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы тұрақты, денсаулығына қатты қауіп жоқ, ол ем-дом қабылдап жатыр, — деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мәлім болғандай, зардап шеккен үш адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Олардың да жағдайлары тұрақты, ем қабылдап жатыр. Олар травматология бөлімінде дәрігерлердің бақылауына алынған.


30 қазанда Сағыз ауылындағы амбулаториялық ауруханада алған жарақаттары салдарынан 1985 жылғы азамат қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар