Атырау облысының кейбір аумақтарын су басады деген болжам расталмады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысының кейбір аумақтарын су басады деген болжам расталмады

Атырау облысының кейбір аумақтарын су басады деген болжам расталмады

Атырау облысының кейбір аумақтарын су басады деген қауіп біржола сейілді,

  • 18 Маусым 2014
  • 333
Фото - Caravan.kz

деп жазады 24.kz.

Естеріңізге сала кетейік, мамандар маусым айының 15-16-сы күндері теңіз суының деңгейі күрт көтеріліп, жағалаудағы 5 шақырым аумақты су басады деген болжам жасаған болатын. Дегенмен, бұл күдік расталмады.

Су деңгейі өткен тәуліктерде 111 см-ге дейін ғана көтерілгенімен, бүгін 90 см-ге қайта төмендеді. Сондықтан теңіз жағалауындағы елді мекендерге шоғырландырылған қосымша техникалар мен құтқарушы мамандар тобы таратылып, күнделікті жұмыс тәртібі енгізілді.

Марат Құрманов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:
— Теңіз жағалауындағы су деңгейі 92 см-ді құрап отыр. Ауа райының құбылысын бақылаушы мамандардың болжамдары расталмады. Сондықтан тұрғындарға еш қауіп жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті мен азаматтық қорғаныс күштері күнделікті жұмыс тәртібіне көшірілді. Күшейтілген жүйе де бүгін тоқтатылды.