Атырау обылысында бір ай бұрын жоғалып кеткен 24 жастағы жігіт өлі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау обылысында бір ай бұрын жоғалып кеткен 24 жастағы жігіт өлі табылды

Атырау обылысында бір ай бұрын жоғалып кеткен 24 жастағы жігіт өлі табылды

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылынан 20 қараша күні таңертең ерте үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен 24 жастағы тұрғынының мәйіті табылды.

  • 18 Желтоқсан 2022
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ақ жайық" басылымының хабарлауынша, бастапқыда оны іздеуге ТЖД мен полицияның көп күші жұмылдырылды, кейіннен «ҚазАвиаСпас» АҚ тікұшағы қосылды. Бірақ нәтиже бермей, біраз уақыттан кейін іздеу жұмыстарының белсенді кезеңі тоқтатылды.

Ал мәйітті далада – Қаракөлден 22 шақырым жердегі «Өмірәлі» деген жердегі бейіттердің арасынан қойларын іздеп жүрген шопан тауып алған.

Соңғы жаңалықтар