Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Серік Шәпкенов Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды.

  • 14 Шiлде 2016
  • 390
Фото - Caravan.kz


С. Шәпкенов 1979 жылы Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, мамандығы — экономист. Еңбек жолын Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған, БҚО әкімдігі қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы, БҚО әкімдігі табиғи ресурстарды басқару дирекциясының жетекші маманы, БҚО әкімдігі қаржы бөлімінің жетекші және бас маманы, БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бөлім басшысы, ауыл шаруашылығы департаментінде директордың орынбасары, экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары және бірқатар басшылық қызметтерді атқарған. 

2012-2014 жылдары БҚО әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған. 2015 жылдың қаңтар айынан бері — ҚР Президенті әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.