«Атырау-Алматы» пойызынан өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Атырау-Алматы» пойызынан өрт шықты

«Атырау-Алматы» пойызынан өрт шықты

Бүгін сағат 12.10-да №41 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызының вагондарының бірінен түтін шықты.

  • 3 Қараша 2015
  • 381
Фото - Caravan.kz


Төтенше оқиға темір жолдың Атырау бөлімшесінде орын алды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

«Жолаушылар басқа вагондардағы бос орындарға орналасып, пойыз одан ары өз бағытымен аттанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Пойыз Алматыға белгіленген қозғалыс кестесі бойынша келеді. Вагонның түтіндеу себебі анықталуда», — делінген хабарламада.