«Атырау-Астрахан» тас жолы қашан аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Атырау-Астрахан» тас жолы қашан аяқталады

«Атырау-Астрахан» тас жолы қашан аяқталады

Биыл Атырау облысында 172 шақырым жол жөнделеді.

  • 16 Маусым 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Облысымызда 3 мың шақырым жол бар. Оның 1 100 шақырымы респубилкалық, 1 927 шақырымы жерглікті жол саналады. Жолға бөлінетін қаражат жылдан-жылға өсіп келеді. Былтыр 41 млрд теңге, ал биыл 55 млрд теңге бөлінді. 172 шақырым жол жөнделетін болды», — деді облыс басшысы Орталық коммункациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Серік Шәпкенов өңірдегі басты міндетердің бірі – республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахан» күре жолының құрылысын аяқтау екендігін айтты.

«Атырау-Астрахан» тас жолының ұзындығы – 277 шақырым. Оның 170 шақырымында екі қабатты асфальт төселіп, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған 107 шақырымына да 2 қабатты асфальт төсеп, көлік қозғалысы үшін ашу жоспарымызда бар. Жалпы, жобаны 2024 жылы толықтай аяқтаймыз деп отырмыз. Келесі жылы үшінші қабаты төселіп, толық ашылады», — деді облыс әкімі.


Оның айтуынша, Атырау қаласында 1 634 шақырым қалаішілік жол бар. Оның 90 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда.

Соңғы жаңалықтар