Жарияланды: 610

Атырауда 85 тасбақаны контабандалық жолмен шекара асыру әрекетіне тосқауыл қойылды

Атыраулық кеденшілер 85 тасбақаны контабандалық жолмен шекара асыру әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Атырау облыстық кедендік басқармасының кеден ісі саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттермен күрес бөлімінің бастығы Қайрат Мұздыбаев KZ-today тілшісіне хабарлады.

45 жастағы Ресей азаматы Астрахань облысымен шекарадағы "Құрманғазы" кедендік бекетінде ұсталды. Өзбекстандағы вахталық жұмысынан қайтқан бұл адам Қазақстан аумағы арқылы Ресейге екі қорап және бір шелек тасбақаны алып өтпек болған. Волгоград қаласының тұрғыны тасбақаларды жергілікті мейрамханаларға сатпақ болған екен. Оның Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы шекарадан қалайша кедергісіз өткені тергеу барысында анықталмақ. Қазір тауар тәркіленіп, ұсталған адамға әкімшілік жауапкершілік жүктелмек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть