Атырауда адамдарды алдап соққан алаяқ 5 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда адамдарды алдап соққан алаяқ 5 жылға сотталды

Атырауда адамдарды алдап соққан алаяқ 5 жылға сотталды

Атырауда 50 адамды алдап соққан алаяққа қатысты үкім шықты.33 жастағы мақаттық Дәурен Мәженов облыс тұрғындарын ірі мұнай кәсіпорнына жұмысқа кіргіземін деп, ақша алып отырған. Өзі де мұнай-газ компаниясында қоршаған ортаны қорғау бойынша маман қызметін атқарған екен.

  • 28 Маусым 2014
  • 335
Фото - Caravan.kz


Ол сұраған қаржысын айтқан уақытында әкелмегендерді орнына  өзге жұмыссыздың табылатынын айтып қорқытқан. Сөйтіп, әр адамнан 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейін алыпты. Осылайша, 1 жылға жетпейтін мерзім ішінде 50 адамды тақырға отырғызып кете барған. Бірақ 30 млн теңгеге жуық қаржыны қалтасына басқан алаяқ көпке ұзамай ұсталды. Енді Дәурен Мәженов алдағы 5 жылын түрмеде өткізуі тиіс. Сондай-ақ, жәбірленушілерден алған қаржысын да қайтаруға міндетті.