Атырауда адамға лық толы пойыз отқа оранып жолаушыларды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда  адамға лық толы пойыз отқа оранып жолаушыларды шошытты

Атырауда адамға лық толы пойыз отқа оранып жолаушыларды шошытты

Бүгін Атырауда жолаушылар пойызы отқа оранды. Оқиға түскі 12-де қаладан 40 шақырым қашықтықтағы Қарабатан разъезі маңында болды.

  • 4 Қараша 2015
  • 219
Фото - Caravan.kz

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы таратқан мәліметте: «вагондардың біреуінен түтін ғана шыққан» делініпті. Бірақ жолаушылар түсірген мына кадрлерде оның жанып жатқаны анық көрініп тұр. Құдай сақтап, ондағы 36 адамның ешқайсысы да зардап шекпепті. Олар өзге вагондарға бөліп отырғызылып, сапарларын әрі қарай жалғастырған. Оқыс оқиғаға қарамастан, отарба Алматы вокзалына уақытылы жетеді деп жоспарланып отыр. Қазір өрттің неден шыққаны анықталуда.