Атырауда әйелді көлігімен қағып өлтірген сот қызметкері қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда әйелді көлігімен қағып өлтірген сот қызметкері қамауға алынды

Атырауда әйелді көлігімен қағып өлтірген сот қызметкері қамауға алынды

Атырауда бір әйелді көлігімен қағып өлтірген сот қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

  • 3 Шiлде 2014
  • 362
Фото - Caravan.kz


«Сәрсенбі күні №2 Атырау қалалық сотының 23 жастағы қызметкері қала орталығында жол көлік апатын тудырды.

Бағдаршамда жанып тұрған қызыл түске қарамаған ол 46 жастағы әйелді қағып өтіп, одан тоқтамастан, тағы 3 жеңіл көлікті соғып кетті. Жол үстінде жапа шеккен әйел ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды», — деп хабарлады облыс ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.