Атырауда алып шұжық әзірленді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда алып шұжық әзірленді

Атырауда алып шұжық әзірленді

Атыраулықтар ұзындығы 10 метр шұжықтан дәм татты. Таразда дайындалған алып ет өнімі Наурыз мерекесінде халыққа ұсынылуы тиіс болатын. Бірақ, Қостанай мен Ақтөбе облыстарындағы қолайсыз ауа-райына байланысты шұжық атыраулықтарға енді бұйырды.

  • 1 Сәуiр 2014
  • 235
Фото - Caravan.kz


Бұрын-соңды әзірленбеген шұжыққа 50 келі сиыр еті мен 7 келі әртүрлі табиғи дәмдеуіштер қосылыпты.  Және алып шұжықты 30-ға жуық маман 5 күн бойы жасаған.  Дәм татқысы келген атыраулықтардың қарасы аз болған жоқ. Бірақ, ұйымдастырушылар оның біраз бөлігін  қаладағы балалар үйлеріне табыстауды жөн деп тапты.