Атырауда ата-аналар мектепті көшіруге тегіс қарсы шықты
Атырауда тілінің мүкісі бар балалардың ата-аналары шу шығарды. Айтуларынша, арнайы мектептің басшылығы қала ішіндегі ғимаратты бұлардың келісімінсіз сырт жаққа көшірмекші. Оның үстіне жаңа мектептің Атырау мұнай өңдеу зауыты мен теміржолға тым жақын орналасуы да ата-аналарды алаңдатып отыр. Ал басшылық небары 60 балаға лайықталған арнайы білім беру мекемесінің мұндағы 180 балаға тарлық етіп отырғанына байланысты мәселені осылайша |
Мектептің акт залына жиналған ата-аналар осылайша айқайға басты. Жүз шақты адамның наразылығын тудырған – қала ішіндегі 40 жылдан бері жұмыс істеп тұрған мектеп-интернаттың көшірілетіндігі. Жиналғандар оқу жылының ортасында оқыс қадамға барды деп мектеп басшылығын кінәлады.
Бейбіт Майланова, Атырау қаласының тұрғыны:
-Осыны оқу басталмастан бұрын неге ойламады? Бұл балалардың ата-аналарының көлігі бар, біреуінің көлігі жоқ. Мен ауданнан келіп тұрған адаммын. Осы бала үшін орталықта отырмын үй жалдап. Енді Химпоселкадан үй жалдаймын ба?
Ләззат Жаманбаева, Атырау қаласының тұрғыны:
-Екі мүгедекті тәрбиелеп отырмын. Қаланың ана шетіне баруға шамам келмейді. 45 орындық автобус бөлеміз дейді. Оған балалар сыймайды ғой.
Ал тиісті орындардың бұған берер жауабы дайын. Айтуларынша, тілінің мүкісі бар балаларға арналған мектептің қазіргі ғимараты 60 орындық болғанымен, мұнда 180-нен астам бала оқып жатыр. Арнайы кабинеттер атымен жоқ. Ғимараттың тарлығынан аудандардағы осындай балаларды да қабылдауға мүмкіндік болмай отырған көрінеді. Ал ата-аналар қара бастарының қамын ойлайды дейді басшылар.
Нұрсәуле Сайлауова, Атырау облыстық Білім басқармасының басшысы
-Физиотерапия, массаж кабинеті жұмыс істеу керек. Мұның біреуі де жоқ. Коррекциялық көмек көрсеткіміз келеді бұл балаларға. Келесі оқу жылында 196 бала келе жатыр бізге. Тілі кеміс, міне сол балалардың біздер жағдайын ойлап отырмыз.
Ата-аналардың көшпейміз деп жүргені мына ғимарат. 400 балаға шақталған. 200 орындық жатақханасы және бар. Бірақ мұнда қазір құлағы естімейтін 60 бала оқып жатыр. Осындай кең ғимарат ашылып жатса да, ата-аналар мектеп-интернаттың қала сыртына көшірілуіне үзілді-кесілді қарсы. Олар енді тіпті құқық қорғау орындарына арыз жазбақшы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін