Атырауда балаларын ұрған ер адам қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда балаларын ұрған ер адам қамауға алынды

Атырауда балаларын ұрған ер адам қамауға алынды

Ер адам мас болып, жасөспірім балаларын тоқ ұзартқышпен ұрып-соққан.

  • 15 Ақпан 2018
  • 169
Фото - Caravan.kz


Атырау қаласының соты балаларын ұрған ер азаматты 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Сотта анықталғандай, құқықбұзушы ер адам 2018 жылдың қаңтар айында үйінде мас болып, жасөспірім балалары И. мен Ж.-ны балағаттап, оларды тоқ ұзартқышпен ұрып-соққан. Осы әрекетімен ол балаларының денсаулығына жеңіл дене жарақатын келтірген. Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1бабының 1–бөлігімен кінәлі деп танылып, оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар