Атырауда дәмханадағы жарылыс газ шығу салдарынан болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда    дәмханадағы жарылыс газ шығу салдарынан болды

Атырауда дәмханадағы жарылыс газ шығу салдарынан болды

Атырау. 23 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Атырауда дәмханадағы жарылыс газ шығу салдарынан болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Атырау облыстық ІІД басқармасына сілтеме жасап.

  • 23 Қараша 2007
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Тексеру барысында белгілі болғанындай, қайғылы оқиғаның алдында ғана, яғни, 23 қыркүйекте дәмханада газ иісі сезілуге байланысты ол жерге слесарь шақырылып, ол ақаулы шлангты ауыстырған. Қазіргі жағдаймен өрт-техникалық сараптаманың қорытындысы алынып отыр. Жарылыс пен одан кейінгі өртке дәмхананың асханасы мен кіреберісінде газды-ауалы қоспаның жиналуы себеп болған», -деп хабарлады Атырау облыстық ІІД-нің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Есмұхан Қажкенов.

Қазіргі таңда бұл іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 24 қыркүйекте Атырау облысындағы бір дәмханада жарылыс болған. Соның салдарынан төрт қызметкер қаза тапты. Бұған қоса күйікке шалдыққан 23 жастағы әйел ауруханаға жатқызылып, көмек көрсетілгенін кейін ол үйіне жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті