Атырауда екі ер адам шұңқырға тірідей көміліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда екі ер адам шұңқырға тірідей көміліп қалды

Атырауда екі ер адам шұңқырға тірідей көміліп қалды

Атырауда қала маңындағы "Жұлдыз" шағын ауданында қайғылы оқиға 18 маусымда орын алған. Трактор үйдің алдынан ор қазып жатқанда су құбыры істен шыққан. Оны 32 және 22 жастағы екі көрші жөндемек болған.

  • 20 Маусым 2022
  • 693
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олар төмен түсіп, құбырды жөндей бастағанда, жер опырылып түсіп, оларды басып қалған.

Олардың мәйіттері ордан шығарылды. Бірер күн бұрын екі отбасында жерлеу рәсімдері өтті.

“Маусымның 18-і күні "Жұлдыз" шағын ауданында үйдің жанынан шұңқыр қазу кезінде су құбыры істен шығып, екі ер адам жер астында қалып, қаза тапты. Тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.


Соңғы жаңалықтар