"4 маусым сағат 18:44-те Жылыой ауданында Құлсары қаласынан 10 шақырым жерде, Жем өзенінде Атырау облысы ТЖД “Жедел-құтқару жасағы” күштерімен 1990 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді. 19:55-те суға кеткен адамның денесі ТЖД қызметкерлерінің күшімен шығарылды. Іздестіру жұмыстарына төрт қызметкер мен екі бірлік техника жұмылдырылды", — делінген ресми хабарламада.
Бұған қоса Атырау облысының ТЖД арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз, су беті көптеген қауіптерді жасырады деп ескертті.