Атырауда газ жарылып, үш адам ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда газ жарылып, үш адам ажал құшты

Атырауда газ жарылып, үш адам ажал құшты

Атырауда газ жарылысынан 3 адам опат болды, біреуі зардап шекті.

  • 11 Қазан 2013
  • 305
Фото - Caravan.kz

Қаза болғандардың бәрі — Өзбекстаннан келген бір отбасының мүшелері. Олар жекеменшік үйдің ауласындағы уақытша баспанада тұрып жатқан. Сонымен бірге оқиға орнында болған Тараз қаласының тұрғыны зардап шекті.

Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, жарылған жердің опай-топайын шығарып, ауланың қақпасын ондаған метрге дейін ұшырып жіберді.

Жарылыстың себептері анықталуда. Оқиға орнында арнайы комиссия мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.