Атырауда колледж мұғалімдері директорларына қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда колледж мұғалімдері директорларына қарсы шықты

Атырауда колледж мұғалімдері директорларына қарсы шықты

Оқу жылы басталмай жатып, атыраулық ұстаздардың арасында да айқай шықты. Мұндағы Мұнай-газ колледжінің бір топ оқытушысы жаңа басшыларымен келісе алмай қалған. Айтуларынша, директор Болатбек Ықсанов студенттерден заңсыз ақша жинатып, мамандығы мүлдем сәйкес келмейтін туыстарын қызметке қабылдаған. Сол туыстарға орын босату үшін, бұрынғы ұстаздарды шетінен қуып жатыр дейді. Бірақ директор қызметкерлерінің шағымына құлақ асқан жоқ.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

Ұстаздардың сөзіне сенсек, ұжымдағылардың көбі қудалауға ұшыраса да, орындарынан айрылып қалмас үшін басшыларына қарсы келмеген. Ал бас көтерген алты адамды жұмыстан шығарып жіберіпті. Мұнымен келіспегендер сотқа жүгініп, ақыры, қызметіне қайта қабылдау туралы шешім шыққанымен, басшылық оны да орындамай отыр екен. Колледждегі басшы мен қосшылары арасындағы дауға облыстық білім басқармасы да араласқысы жоқ. Айтуларынша, бұл жерде кімнің дұрыс, кімнің бұрыс сөйлеп тұрғанын анықтау қиын. Қазір тиісті орындар колледжде тексеріс жүргізуге кірісіпті.

 Гүлшара Әміржанқызы, колледж оқытушысы:

Менің еңбек өтілім  бар, бірінші категориям бар. Соған қарамастан бұл кісі мені жұмыстан шығарып жіберейін деп отыр. Тек қана мені емес, міне тағы да қыздар тұр. Өзім барған кезде: «қайда барсаң онда бар, сен маған ештеңе істей алмайсың» дейді.  Сол сөзіне қарағанда, жоғарыда бір сенген адамы  отырған сияқты.