Атырауда күннің ыстығы 50 градустан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда күннің ыстығы 50 градустан асты

Атырауда күннің ыстығы 50 градустан асты

Атыраулық тұрғындар мен қала қонақтары күннің ыстығынан зардап шеге бастады. Күндіз 50 градустан асып кеткен қапырық, түнгі мезгілдің өзінде де 25 градустан түспей тұр.

  • 16 Шiлде 2016
  • 322
Фото - Caravan.kz


Синоптиктердің айтуынша, бұл қазіргі мезгілге тән ауа-райы. Сондықтан алаңдайтын еш нәрсе жоқ. Дегенмен, күндіз көшеде аз жүріп, сусынды көп ішкен жөн деген мамандар кеңесіне құлақ асып жүрген де артық етпейді.

Миргүл Ғиляжева, инженер синоптик: — Алдағы апталарда ешқандай жауын-шашын болмайды. Ауа-райы осы қалыпта сақталады. Аздаған жел болуы мүмкін. Ал ауа температурасы күндіз 34-39, ал түнде 20-25 градус аралығында болады.