Мақсұт Төленбаев, адвокат:
— Істің осындай нәтижемен аяқталуына келіспейміз. Марқұмның заңды өкілі, марқұм Алтынбектің келіншегі Сабырғалиева да жылап, мұнымен келіспей отыр қазір. 308-дің 2 бабының жазалары жеңіл. Ал 346-ның 3 бөлімінің жазасы одан көп ауыр. Сондықтан бұлар шартты жазамен құтылып кетуі мүмкін.
21 сәуір күні полиция майоры Алтынбек Құбайдуллинді 3 келі қара уылдырық пен 250 000 теңге пара алып жатқанда қаржы полицейлері қолға түсірген. Бірақ, сол күні түнде тергеу кезінде денсаулығы нашарлаған майор ауруханаға жеткізілген еді. Бірақ қажетті ем-домын алған соң, есігінің алдын күзетіп тұрған қарауылдың көзін ала бере, аурухананың терезесі арқылы қашып кеткен. Арада үш күн өткенде Құбайдуллиннің жансыз денесі қаладағы салынып жатқан құрылыс нысандарының бірінен табылды.