Атырауда мектеп оқушыларына кісі өлтіргендер де сабақ берген - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда мектеп оқушыларына кісі өлтіргендер де сабақ берген

Атырауда мектеп оқушыларына кісі өлтіргендер де сабақ берген

Атырауда орта мектептерде кісі өлтіргені үшін, ауыр қылмыс жасағаны және сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін сотты болған адамдар жұмыс істеген.

  • 26 Мамыр 2014
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Прокуратура облыстың барлық оқу орындары мен колледждерін тексеру барысында кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге құқығы жоқ бірқатар мамандарды анықтады. Мектептер мен колледждерде сот белгілеген мерзімін өтемеген қылмыскерлер жұмыс істеген. Оның үстіне, олар қылмыстық жауапкершілікке қылмыстық кодекстің ауыр баптары, атап айтқанда кісі өлімі, қасақана денсаулыққа зиян келтіру сияқты қылмыстар бойынша тартылған. Мектеп басшыларының ішінде бұдан бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыс жасаған адамдар болған».

Тексеру нәтижесі бойынша Атыраудың 5 метебінің директорлары лауазымдарынан босатылып, бірнеше мұғалімдер мен бухгалтерлер жұмыстан шығарылды.