Бұл шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Отаным — бақыт мекенім» атты гастрольдік-концерттік тур ауқымында өтпек. Осы өнер кештерінде көрермендер «Аққу көлі» балетін, «Анна Павлова — орыс балетінің аққуы» балетінің премьерасын және «Революция дауылпазы», «Кармен» бірактілі балеттерін тамашалайтын болады.
Сондай-ақ бұл өнер мерекесі қазақ би өнерінің майталманы Болат Аюханов негізін қалаған «Алматының жас балеті» мемлекеттік классикалық би ансамблінің 45 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Болат Аюханов — ҚР халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері, өнертану профессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, әлемдік мәдениетке қосқан үесі үшін халықаралық Сократ сыйлығына ие болған.