Атырауда мемлекеттік туға қатысты тағы бір келеңсіз оқиға орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда мемлекеттік туға қатысты тағы бір келеңсіз оқиға орын алды

Атырауда мемлекеттік туға қатысты тағы бір келеңсіз оқиға орын алды

Атырауда мемлекеттік туға қатысты тағы бір келеңсіз жағдай болды. Бұл жолы туды теріс іліп қойған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 1 Маусым 2021
  • 33
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, теріс ілінген ту 10-15 метр биікте ғана байқалған.

"Туды ілу кезінде оның жоғарғы жағын анықтау бойынша қиындық туды. Сенбі күні сағат 19.00 шамасы туды 10-15 метр биікке көтергенде теріс екені байқалды. Туды түсіріп қайта ілді. Бұл бірнеше минутқа созылды. Желіде тараған видеода тудың енді ілініп жатқаны көрініп тұр", — деді әкімдік өкілдері.

Сонымен қатар, қалалық әкімдік бұл 2020 жылғы желтоқсанынан бергі мемлекеттік тумен болған алғашқы келеңсіз жағдай екенін ескеруді сұрады.

 


Тағы да Атырау. Тағы да тутұғыр. Бұл жолы дауыл кінәлі емес😜

Posted by Zhenis Kenzhesuly Kuspan on Sunday, May 30, 2021

 

Айта кетейік, 1 қаңтарда Атырау қаласының тұрғындары өңірдегі басты мемлкеттік ту жоғалғанын хабарлаған болатын. Қала тұрғындары суретті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге таратқан еді. Олар қатты жел салдарынан ту құлап, ұшып кетуі мүмкін деп болжады. Бірақ кейінірек әкімдік қатты жел мен дауыл болғандықтан мемлекеттік туды алып тастауды ұйғарғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар