Атырауда мүгедек балаларды күштеп жұмысқа жеккен - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда мүгедек балаларды күштеп жұмысқа жеккен

Атырауда мүгедек балаларды күштеп жұмысқа жеккен

Атырау қаласында 98 мүмкіндігі шектеулі бала тұрып жатқан №3 Арнаулы қызмет көрсету орталығында қатыгездік таныту мен күш көрсету фактілері орын алған.

  • 26 Шiлде 2019
  • 36
Фото - Caravan.kz

Атырауда 98 мүгедек баланы күштеп жұмысқа жеккен. Бұл туралы биылғы жылдың жартыжылдығына қорытынды жасаған есебінде облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 98 мүмкіндігі шектеулі бала тұрып жатқан №3 Арнаулы қызмет көрсету орталығында қатыгездік таныту мен күш көрсету фактілері орын алған. Оның үстіне ата-анасының қарауынсыз қалған кембағал жеткіншектерді күштеп еңбекке тарту жайты да тіркелді.

Атырау облыстық прокуратурасының айтуынша, 322 оқушысы бар ұлттық дарынды балаларға арналған гимназияда жылына 4 рет демалысқа жіберілуі тиіс жетім және мүгедек балалар тек екі рет каникулға шыққан. Осы оқиғаны облыс прокуратурасы анықтаған соң балалар тиісті демалысын қосымша алатын болып шешілді.


— Осы фактілердің барлығы облыстық прокуратураның бірыңғай тізіліміне алынып, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, – дейді прокурор өз сөзінде.