Жарияланды: 380

Атырауда Өзбекстан азаматтарын тонап кеткен жалған полицейлер ұсталды

Атырауда Өзбекстан азаматтарын тонап кеткен жалған полицейлер ұсталды.

«Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні полицияға Өзбекстан азаматтары шағымданып келіп, «Дина» базарының қасында оларды өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырған жігіттер тоқтатып, ұялы телефондары мен ақшаларын тартып алғанын айтқан», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова сәрсенбі күні. Оның айтуынша, жедел түрде облыстық ІІД-нің оперативті қызметтері, кадрлар және жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері аяғынан тік тұрғызылды. «Аманшин көшесінде зардап шеккендер суреттеген көлік табылды, оның ішінде біреуі полиция сержанты болып киінген үш жігіт отырды», - деді ол. «Біреуі қатты мас болып, артқы орындықта ұйықтап жатқан. Ұсталғандардан полиция киімінен басқа, қызыл түсті куәліктер тәркіленді, оларды жігіттер базардан сатып алғандарын айтқан. Заттай айғақтар – үш ұялы телефон тәркіленді», - деді Г. Мұхтарова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін