Атырауда Өзбекстан азаматтарын тонап кеткен жалған полицейлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда Өзбекстан азаматтарын тонап кеткен жалған полицейлер ұсталды

Атырауда Өзбекстан азаматтарын тонап кеткен жалған полицейлер ұсталды

Атырауда Өзбекстан азаматтарын тонап кеткен жалған полицейлер ұсталды.

  • 29 Маусым 2011
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні полицияға Өзбекстан азаматтары шағымданып келіп, «Дина» базарының қасында оларды өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырған жігіттер тоқтатып, ұялы телефондары мен ақшаларын тартып алғанын айтқан», — деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова сәрсенбі күні.

Оның айтуынша, жедел түрде облыстық ІІД-нің оперативті қызметтері, кадрлар және жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері аяғынан тік тұрғызылды. «Аманшин көшесінде зардап шеккендер суреттеген көлік табылды, оның ішінде біреуі полиция сержанты болып киінген үш жігіт отырды», — деді ол.

«Біреуі қатты мас болып, артқы орындықта ұйықтап жатқан. Ұсталғандардан полиция киімінен басқа, қызыл түсті куәліктер тәркіленді, оларды жігіттер базардан сатып алғандарын айтқан. Заттай айғақтар – үш ұялы телефон тәркіленді», — деді Г. Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар