Атырауда өзін өртеп өлмек болған прокурор мәлімдеме жасады
![]() |
Өзін-өзі өртеп, кінәсіздігін дәлелдемек болған Атырау облысы прокурорының экс-көмекшісі Ләйлә Смадиярованы бұрынғы әріптестері аяр емес. |
Олар тіпті денесі күйіп, жансақтау бөлімінде жатқан Смадиярова қашып кетеді деп қорықса керек, үйқамақтан тергеу абақтысына жіберу туралы сотқа өтініш берген. Судья да бірден келісіпті. Сондықтан, Ләйлә Смадиярова қазір ауруханадағы арнайы палатада қырағы күзетпен жатыр. Бүгінгі сот отырысына да сол жақтан жеткізілді, деп хабарлады КТК арнасы.
Пара алды деп ұсталған экс-прокурордың өзі тағылған айыптарды жоққа шығаруда. Ешқандай айғақ жоқ деген Смадияров, тергеудің де біржақты жүргізілгенін айтады. Экс-прокурор Ләйлә Смадиярова өткен жылдың тамызынан бері үйқамақта отыр. Тағылған айып та жеңіл емес.Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ол Атыраудағы әйелдер түрмесінің қызметкерлерінен жүйелі түрде ақша бопсалаған. Мұны жала деген келіншек, өткен аптада өзін өртеп қарсылық танытқан болатын. Ал, өткен жылдың қазан айында басталған сот процесіне осы аптада нүкте қойылуы мүмкін.
«Қолдарында аудио-видео фиксация, дәлел түк те жоқ. Көп жыл бойы прокуратурада адал еңбек еттім, құқық қорғау саласындағы кейбір адамдарға қатысты іс жүргізгем кезінде, маған жала жабылды. Мені қайткенмен де отырғызуға тырысып жатыр бұлар. Қазір қатты қиналып отырмын», – дейді Ләйлә Смадиярова.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін