Жарияланды: 100

Атырауда полиция бастығы бейіттен табылған мәйіт жайлы түсініктеме берді

Атырауда полиция бастығы бейіттен табылған мәйіт жайлы түсініктеме берді

Атырау облысындағы Полиция департаментінің жетекшісі Аян Дүйсембаев халық алдында бір жыл бойы атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Тұрғынның әйелдің мәйіті жайлы қойған сұрағына да жауап берді.

Бұл туралы “Мой Город” басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды

“Мен жақында әйелдің мәйіті табылған Жұлдыз ықшам-ауданында тұрамын. Полицейлер үйге келді. Қылмысты тергеу жұмыстарының кезінде ауылдағылардан қайтыс болған әйел туралы сұрады. Мен сізден ол қыздың кім болғанын, оны өлтірген қылмыскерді таптыңыздар ма, соны білгім келеді. Біз қазір көшегі шығуға қорқамыз, балаларымыз үшін қорқамыз”, — деп сұрады ер кісі.

Полиция басшысы жауап ретінде қазір өңірде ақиқаты анықталмағанын қылмыстың жоқ екенін айтты.
“Біз жүргізген тергеу жұмыстарының нәтижесінде, әйелдің Өзбекстанның азаматы екені анықталды. Оны өлтірді деп күдіктелген адам ұсталды. Тергеу жұмыстарының мақсатында басқа ақпарат айтылмайды”,— деді Дүйсембаев.

Атырауда, Жұлдыз-2 ықшам ауданында орналасқан мұсылмандық бейіттің территориясында көрпеге оралған әйелдің мәйіті табылған. Қайтыс болған әйелдің кеуде тұсы пышақталған, оны біреу қинап өлтірген.

“Азиаттық әйелдің жасы шамамен 25-30-да, бойы 160-165 сантиметр, шашының түсі қара-қоңыр, шашының ұзындығы иығына дейін жетеді. Үстінде “ZARGA” деген жазуы бар көк түсті жемпір болған”, — деп Полиция департаментінің хабарламасында айтылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін