Жарияланды: 140

Атырауда қытайлық мұнайшылардан қазақстандық күзетшілер кешірім сұрады

Атырауда қытайлық мұнайшылардан қазақстандық күзетшілер кешірім сұрады

27 ақпанда күндіз Атырау мұнай өңдеу зауытының бақылау-өткізу пунктінде қытай мердігер ұйымдары жұмысшылары мен зауыт күзетшілері арасында төбелес шыққан.

Бұл туралы Tengrinews.kz ATPress.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Төбелестің себебі күзетшілер жұмысшыларды зауыт территориясынан ішкі тәртіп бойынша орнатылған уақыттан бұрын шығармай қойған. Мұны қытайлық компанияның жұмысшысы күзетшілердің әрекетін видеоға түсіре бастаған. Өз кезегінде күзетшілер нысан территориясында түсірілім жасауға тыйым салғысы келген, осылайша тәртіпсіздік орнаған. Оған басқа жұмысшылар да қатысқан. 

Қақтығысты зауыттың ішкі қауіпсіздік күштері бірнеше минуттың ішінде тоқтатыпты. 

"Осылайша қақтығыс жойылды. Зауытты күзететін кәсіпорын қытайлық компаниядан кешірім сұрады", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, енді бұдан былай қытайлық мердігер ұйым мен АМӨЗ мердігер ұйым жұмысшыларын бөлек өткізуді ұйымдастыру бойынша шаралар жоспарын жасапты. 

"Ақ Жайық" дереккөзінің мәліметінше, төбелеске Қытайдың алты азаматы қатысқан - олар Sinopec Engineering компаниясының жұмысшылары. Басылымның мәліметінше, АМӨЗ-де бұған дейін де шетелдіктердің қатысуымен қақтығыстар болған.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін