Атырауда Қызыл кітапқа енген балықтың 44 келісін тасымалдаған әйел ұсталды
![]() |
Атырауда ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері бекіре тұқымдас балықтың 44 келісін тасымалдаған әйелді ұстады. |
Қазақстанда бұл балықты аулауға қазір тыйым салынған.
«Әйел балықты жеңіл көлікпен тасымалдаған. Сирек кездесетін немесе жойылу қаупі бар жануарларды заңсыз аулау үшін жауапқа тарту қарастырылған бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде балықты кім және қайдан аулағаны анықталмақ», - деді аймақтық ІІД қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін