Атырауда сабақты оффлайн өткізуге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда сабақты оффлайн өткізуге тыйым салынды

Атырауда сабақты оффлайн өткізуге тыйым салынды

Атырауда білім беру ұйымдарында сабақты сабақты оффлайн өткізуге тыйым салынды.

  • 16 Сәуiр 2021
  • 52
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлық сыныптары оқушыларын, 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас форматта оффлайн оқытуға тыйым салынсын», делінген құжатта.

Сондай-ақ, дәстүрлі форматтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 15 адамға дейін, оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан аралас форматта оқыту (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және бетперде кию режимін сақтау) ұсынылып отыр.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 17 сәуірде сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат берілген болатын.