Атырауда сәләфилік ағымды ұстанушылар адам ұрлап, бопсалады деп күдіктелуде - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда сәләфилік ағымды ұстанушылар адам ұрлап, бопсалады деп күдіктелуде

Атырауда сәләфилік ағымды ұстанушылар адам ұрлап, бопсалады деп күдіктелуде

Атырауда сәләфилік діни ағымды ұстанатындар үш адамды ұрлап, бопсалаушылық жасады деп күдіктеліп отыр.

  • 24 Сәуiр 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Белгілі болғандай, 16 сәуірде 1990, 1991 жылғы үш ер адам Өзбекстан азаматын ұрлап кетіп, оған күш көрсеткен.  Мұнан кейін олар өзбекстандық азаматтың досынан 300 мың теңге талап етіпті. Анықталғандай, бұған дейін оған күш көрсетіп, 100 мың теңгесін тартып алған екен. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by ATYRAU | KAZAKHSTAN | 06🌸 (@atyrauoil.official) on

Деструктивті діни ағымды ұстанушылар ұсталғаннан кейін, олардан жәбірленушілерге тиесілі ақша және басқа да заттар тәркіленді. Сонымен қатар жәбірленушіні ұрып-соққан нун-чаки құралы, пышақ, «Лада Ларгус» маркалы көліктің кілті табылды. Олар көліктің кілтін жәбірленушілердің бірінен тартып алыпты.

«Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты адам ұрлау және бопсалау баптары бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — дейді басқармадағылар. 

19 сәуірде сот күдіктілерді 2 ай қамауда ұстау туралы санкция шығарды. Күдіктілер кінәсін мойындады. 

Соңғы жаңалықтар