Атырауда шенеунік пойыз бригадирлерінен пара алғаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Атырауда шенеунік пойыз бригадирлерінен пара алғаны үшін ұсталды

Атырауда шенеунік пойыз бригадирлерінен пара алғаны үшін ұсталды

Атырауда Көліктегі қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы парамен әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Қазан 2017
  • 230
Фото - Caravan.kz


"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті Көліктегі қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы И.В. Шиннің бірнеше рет пара алғанын әшкереледі", — деп хабарлады ұлттық бюродағылар. Ведомство мәліметінше, күдікті жолаушылар пойызындағы бригадирлерден олардан санитариялық-эпидемиологиялық ереже бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара алып отырған. "29 қыркүйекте соттың шешімімен И.В. Шин қамауға алынды. Алған парасының жалпы сомасы — 824 000 теңге. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады Ұлттық бюродағылар.
 

Соңғы жаңалықтар