Түс кезінде болған бұл оқиға қаланың бүкіл құтқару қызметін аяқтан тік тұрғызды. Алтыншы қабаттың балконында тұтанған өрт салдарынан жоғарғы қос қабаттағы пәтерлерді қара түтін басты. Өрт сөндірушілер түтін арасынан 12 адамды қауіпсіз жерге алып шығыпты. Оның үшеуі балалар. Аяқ асты тұтанған жалын 1 сағаттың ішінде толығымен сөндірілген. Мамандар, өрт балконға түскен темекі тұқылынан шығуы мүмкін деп отыр.