Санитарлық дәрігерлердің пайымдауынша, жуырда Әзербайжанда болып қайтқан әйел ауруды сол жақтан жұқтырып келген көрінеді. Әйелдің аяғы ауыр болғандықтан ол облыстық перзентхананың реанимациялық бөлімшесіне қабылданды.
Малярия безгегін анефелес атты маляриялық масалар таратады. Ондай сырқатқа шалдыққан адамның қызуы көтеріліп анемияға ұшырайды. Дәрігерлердің айтуынша, медициналық көмекке дер кезінде жүгінбесе, ауру ауыр зардапқа ұшыратуы мүмкін.
Осыған байланысты облыстық тазалық-індет станциясы дәрігерлерге малярия белгілері бар науқастарға баса назар аударып тізіміге алуды ұсынды.