Атырауда тағы балық қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда  тағы балық қырылып жатыр

Атырауда тағы балық қырылып жатыр

Бұл жолы үш тоннаға жуық өлексе табылған. Құрманғазы ауданынан 20 шақырым қашықтықтағы Атөткел деп аталатын өзеннің бетіне қалқып шыққан балықтарды жергілікті тұрғындар көріп, тиісті орындарға хабарлаған.

  • 19 Мамыр 2015
  • 231
Фото - Caravan.kz

Өлген балықтардың дені – алабұға, балпан және қызылқанат. Атөткел – Каспийге құятын Қиғаш өзенінің саласы. Су көтерілген кезде бұл балықтар бірге келіп, су қайтқан соң қамыс-қоғаның көптігінен бірге кете алмай, қалып қойған. Яғни олардың қырылуына ауаның жетіспеушілігі себеп болған дейді мамандар. Қазір өлі балықтарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.