Атырауда «Тенгизшевройлдың» автобусы жекеменшік үйді қақырата соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда «Тенгизшевройлдың» автобусы жекеменшік үйді қақырата соқты

Атырауда «Тенгизшевройлдың» автобусы жекеменшік үйді қақырата соқты

Атырауда «Тенгизшевройл» компаниясының автобусы жекеменшік үйге соғып, қабырғасын бұзып кірді.

  • 11 Қазан 2013
  • 325
Фото - Caravan.kz

Оқиға Әлия Молдағұлова көшесінде автобус пен джиптің қақтығысуы салдарынан болған. Автобус қабырғаны бұзып үйге басып кіргенде, онда 76 жасар үй иесі мен оның немересі және келіні болған. Оқыс оқиғадан есеңгіреген үй иесі ауруханаға жеткізілді. Джиптің 2 жолаушысы мен автобустың жүргізушісі де қазір ауруханада.

Облыстың ІІД-де хабарлағандай, аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.