Атырауда жаңа жылдан бастап нан бағасы екі есеге қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жаңа жылдан бастап нан бағасы екі есеге қымбаттайды

Атырауда жаңа жылдан бастап нан бағасы екі есеге қымбаттайды

Атыраулық наубайшылар нан бағасын қымбаттатуды сұрады. 45 теңгелік ас атасының құны кемі 80-ге дейін көтерілсе дейді олар. Өйткені шенеуніктер бағаны қолдан ұстағанымен, наубайханалардың шығыны шаш етектен көрінеді. Көрсеткіштеріне көлеңке түсіргілері келмейтін әкімдердің әлегінен шаршадық деген кәсіпкерлер мемлекет берген дотациялық ұннан да жаппай бас тартып жатыр.

  • 14 Қараша 2015
  • 526
Фото - Caravan.kz

Жаңа жылдан бастап арзан нан Атырауда да қалмайын деп тұр. Осы уақытқа дейін әкімдіктің өтінішімен шығынға батып жұмыс істедік деген наубайшылар енді бағаны екі есеге көтеруге бекініп отыр. Өйтпеске амал жоқ дейді кәсіпкерлер. Ұнмен қоса, нан пісіруге қажет барлық коммуналдық қызмет қымбаттаған.

Атыраулықтарға күніне 10 мыңға жуық бөлке нан жеткізіп отырған мына наубайха мемлекет ұсынып отырған дотациялық ұннан бас тартқан. Өйткені, сапасы нашар, бағасы қымбат көрінеді. Ал, сапалы ұнды өз қаражаттарына сатып алып отырған кәсіпкерлер нан бағасы көтерілмесе, көп ұзамай банкрот боламыз дейді.

Кәсіпкерлердің айтуынша, 2008 жылдан бастап мемлекет тарапынан 47  теңгемен берілген дотациялық ұнның бағасы қазір 60 теңге болыпты. Және оны көршілес Оралдан тасымалдау үшін кететін шығынның көлемі 7 жыл ішінде 12 000-нан 150 000 теңгеге бір-ақ көтерілген. Ал, жергілікті басшылар мұны тіпті ескермейтін көрінеді.

Талғат Қосжанов, наубайхана иесі:

-Табыс жоқ бізде. Жергілікті басшылар, сельхоз управление біздің расходты көрсетпей, айтпай отыр. Мысалы 60  теңгемен беріп жатырмыз дейді, ол 60 теңге Орал қаласынан. Ал, өзіміздің көлікпен мына жаққа тасымалдағандағы баға 67 теңге. Ал коммерциялық ұн 68  теңге. Одан да біз сол сапалы ұнды алып, соны пісіргіміз келеді.

Қазір Атырауда әлеуметтік бөлке 45 теңге тұрады. Бұл баға 2008 жылдан бері өзгермеген. Ал кәсіпкерлер кірпіш нан кемінде 80 теңге тұруы керек деп отыр. Әкімдіктегілер әзірге үнсіз. Соған қарағанда атыраулықтар енді 45-тің нанын әрі кетсе бір жарым ай жейтін сыңайлы.